Бокс
11 сәуір 09:56
 

Атақты Усикті жекпе-жекке шақырған Джалолов мұнысына жауап алды

  Пікірлер

blog.share

Атақты Усикті жекпе-жекке шақырған Джалолов мұнысына жауап алды ©Тұрар Қазанғапов

Суперауыр салмақтағы өзбекстандық боксшы Баходир Джалолов (15-0, 14 КО) украиналық чемпион Александр Усик (23-0, 14 KO) пен британиялық Энтони Джошуаны (28-4, 25 KO) жекпе-жекке шақырды да, бұған сарапшылар өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Суперауыр салмақтағы өзбекстандық боксшы Баходир Джалолов (15-0, 14 КО) украиналық чемпион Александр Усик (23-0, 14 KO) пен британиялық Энтони Джошуаны (28-4, 25 KO) жекпе-жекке шақырды да, бұған сарапшылар өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Усиктің карьерасы аяқталуға жақын

38 жастағы украиналық алда бір-екі жекпе-жек қана өткізетінін айтты. Ал онымен кездескісі келетін чемпиондар мен үміткерлер кезегі ұзарып кетті. 

Усик IBF титулына ие британиялық Дэниэль Дюбуамен (22-2, 21 KO) қарымта өткізгісі келетінін бірнеше рет мәлімдеген. Боксшылар 2023 жылы бір рет жекпе-жек өткізген еді. Ал қарымта айқас Александрға ауыр салмақта қайтадан абсолют атануға мүмкіндік береді. 


Сарапшылар болжамы

Егер Усик өзін жаңа буынға қарсы сынап көргісі келсе, Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Баходир Джалолов оны жекпе-жекке шақырып үлгерді. Бірақ сарапшылар чемпионға бұл айқас қызық болмайды деген пікірде. 

"Джалолов амбициясына қарамастан, Усикпен жекпе-жекке жете алмайды, украиналық карьерасын аяқтайтын шығар. Егер Александр Дюбуамен қарымта өткізе алмаса да босамайды, оның мінедтті қарсыласы бар - Джозеф Паркер.

Ал 30 жастағы Джалоловқа титулды айқасқа жету үшін, қазіргісінен мықтырақ қарсыластармен кездесу қажет. Көпшілік Баходирге биіктерге жол салу үшін Джаред Андерсон немесе Ричард Торреспен жұдырықтасу керек деп есептейді", - деп жазады Secondsout.

Айта кетейік, Усик қазіргі таңда ауыр салмақта WBO, WBC, WBA белбеулеріне ие.

Джалолов WBC рейтінгінде оныншы орында. 5 сәуір Астанада өзбек боксшы өзге украиналық - Игорь Шевадзуцкиймен (12-3, 10 КО) жұдырықтасып, он раунд қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!