Бокс
19 желтоқсан 2023 09:26
 
Атақты боксшы Жәнібектен қорқатынын білдіріп қойды

  Пікірлер

blog.share

Атақты боксшы Жәнібектен қорқатынын білдіріп қойды ©instagram.com/janibek_alimkhanuly

Орта және екінші орта салмақта өнер көрсететін британиялық боксшы Крис Юбенк (33-3, 24 КО) орта дивизионда WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен (15-0, 10 КО) жекпе-жектен қашып отырғанын ашық айта алмай, ақталып отыр, деп жазады Vesti.kz

Юбенк Жәнібектің аты шықпаған деп сылтауратып жүретін, енді келесі жекпе-жегін мүлде атын ешкім естімеген боксшымен өткізбек. Алайда мұнысын промоутердің істегені деп сылтауратып отыр:

"Жәнібекпен әлем чемпионы титулдары үшін айқасуға келісім беріп ұйықтап кетіппін... Оянсам, промоутерім Калле Зауэрлянд мені испаниялық Этиносо Олихомен (19-0, 8 КО) жұдырықтасуға мәжбүрлемек, ешкім танымайтын боксшымен... Қалай және неге?". 

Әлімханұлы бұл жазбаға былай деп жауап беріпті:

"Жыл әзілі екен!".

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!