Сәкен Бибосынов әлемдік бокстағы өз позициясын нығайта түсуде. Спортшы Қазақстан құрамасына салтанатты түрде оралып, әлемдік рейтингтің көшін бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Сәуір айының ортасында Бибосынов Хабаровскіде өткен Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Ол бұл жарыста жаңа салмақ дәрежесінде - 54 келіге дейінгі санатта өнер көрсетті.
Белгілі BoxRec порталы Бибосыновты 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің "патшасы" деп есептейді. Бұл санатта қазақстандық боксшы қазір бірінші орында тұр. Оның негізгі қарсыласы, өзбекстандық Хасанбой Дусматов болса, одан ауыр салмақ дәрежесінде "билік" жүргізуде.
Айта кетейік, Хабаровскідегі турнирдің жартылай финалында Бибосынов Дусматовтың туған інісін таза жеңген болатын.
Сәкен Бибосынов — 2021 жылғы әлем чемпионы және Токио Олимпиадасының (2020) қола жүлдегері. Сонымен қатар, оның еншісінде Азия чемпионаттарының қола (2021) және күміс (2022) жүлделері бар.
Жарнама