Атақты бапкер Әлімханұлының нокаутпен жеңісін сынға алды
Америкалық белгілі бапкер Тедди Атлас орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (14-0, 9 КО) канадалық Стивен Батлерді (32-4-1, 26 КО) жеңгеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жексенбі күні Стоктонда өткен бұл айқаста Жәнібек қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірген еді.
Маманның сөзінше, бұл жекпе-жекте таңданарлық ештеңе болған жоқ.
"Әлімханұлы ESPN арнасынан сыйлық алған ұқсайды. Хэймон сый тарататын жалғыз аяз ата емес. Әлімханұлы бірнеше рет нокаутта болған боксшыны сабады. Батлерді арнайы нокаут үшін таңдады. Мұнда таңданарлық ештеңе жоқ, айқас осылай біту керек еді. Тек комментаторлар Фрейзер мен Форман жұдырықтасып жатқандай жан дауыстарын шығарып айқайлап жатты", - деп жазыпты Атлас Twitter желісінде.
Жарнама