ASBC қазақ боксында 18 жастағы талант пайда болғанын атап өтті

Азиялық бокс конфедерациясы (ASBC) қазақстандық Нұрзат Оңғаровтың Испанияның Ла-Нусии қаласында өткен Boxam Elite-2025 турниріндегі көрсеткен өнеріне баға берді, деп жазады Vesti.kz.
Азиялық бокс конфедерациясы (ASBC) қазақстандық Нұрзат Оңғаровтың Испанияның Ла-Нусии қаласында өткен Boxam Elite-2025 турниріндегі көрсеткен өнеріне баға берді, деп жазады Vesti.kz.
18 жастағы Оңғаров 48 келіде турнир чемпионы атанды.
"Қазақстандық боксшы Нұрзат Оңғаров өзінен күткен нәтижеден асып түсіп, отандасы Ернар Қараппен финалдық айқаста жеңді де, 48 келіде чемпион атанды. Оңғаров қашықтық ұстап жұдырықтасты және оның тактикасы бірінші раундта нәтижелі болды, содан кейін ол осы стилін соңына дейін ұстанды. Бұл жеңіс жас талант үшін үлкен жетістік", - деп жазыпты ASBC.
Жарнама