Бокс
22 қазан 2020 09:36
 
"Ары қарай жалғастыра алмады". 17 нокауты бар Тұраров спаррингте қарсыласын бір соққымен сұлатқаны жайлы

  Пікірлер

blog.share

"Ары қарай жалғастыра алмады". 17 нокауты бар Тұраров спаррингте қарсыласын бір соққымен сұлатқаны жайлы Сурет: Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жаңқош Тұраров (24-0, 17 КО) Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында АҚШ-та спарринг серігін нокаутқа қалай түсіргенін айтып берді. Оның сөзінше, дайындық кезінде мұндай жиі болып тұрады екен. 

Тұраров рингке бір жылдай шықпады, ал қазір кезекті жекпе-жегіне дайындалып жатыр. 

"Бұл спарринг кезінде болды: дәл тиді де, ол құлап қалды. Мұндай жиі болады. Әсіресе Америкада. Мұнда спарринг серік болатын боксшылар көп. Соның біреуі осындай соққыға түсіп қалды. Ары қарай жалғастыра алмады. Тоқтатып тастады", - дейді Тұраров. 

Айта кетейік, жеңіл салмақта жұдырықтасатын 29 жастағы Тұраров кәсіпқой бокста он жылдай өнер көрсетіп жүр. Ол жекпе-жектерін Қазақстан, АҚШ, Доминикан республикасы, Колумбия мен Ұлыбританияда өткізген. Жаңқош кейінгі жекпе-жегінде аргентиналық Максимилиано Годойды (32-6-1, 17 КО) нокаутқа түсіріп, бірінші жартылай орта салмақта WBO Inter-Continental титулын жеңіп алған.

17 нокауты бар Жанқош Тұраров АҚШ-та спарринг серігін бір соққымен есінен тандырды

Жарнама

Живи спортом!