"Артық сөйлемей-ақ қояйын...". Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқойдағы титулды жекпе-жек жайлы
Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев (2-0, 2 КО) кәсіпқойдағы үшінші жекпе-жегінен не күтетіні туралы айтты,- деп хабарлайды Vesti.kz. Сонымен қоса, бұл оның бірінші титулды айқасы.

27 ақпан Алматыда Қамшыбек украиналық Сервер Эмурлаевпен (23-1, 9 КО) бірінші ауыр салмақтағы WBO Asia Pacific титулы үшін жұдырықтасады.
"Менің кәсіпқойда өсе түсуім үшін бұл дұрыс таңдалған қарсылас. Алғашқы титулды жекпе-жек түрлі ұйымның ең мықты боксшыларымен айқасқа жол ашуы мүмкін.
Бірнеше апта арнайы жаттығуларға ден қойдық. Қазақстан құрамасымен АҚШ-та жаттығып, шыдамдылық, жылдамдық пен күш артырдық. Алдыңғы екі жекпе-жегіме көңілім толады. Жұдырықтасқан жігіттер шынымен мықты және әжептәуір белгілі кәсіпқой боксшылар.
Алдағы айқасымда қолдануға болатын бірқатар дүние байқадым, дегенмен, бұл туралы айту әлі ертерек. Артық сөйлемей-ақ қояйын, ринг бәрін көрсетеді", - деп береді Қамшыбектің сөзін MTK Global.
Жарнама