Бокс
24 қараша 2021 09:13

"Ардагермен айқас - чемпионмен жұдырықтасу емес". Сарапшы Жәнібек пен Андраде жекпе-жегі туралы

©boxingscene.com

Франциялық Хассан Н'Дам Н'Жикамды (38-6-0, 21 KO) жеңуі қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (11-0, 7 КО) амбициясын көрсетті. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ESPN редакциясының латынамерикалық журналисті Фернандо Барбоза осындай пікір білдірді. 

"Одан сақ болыңдар". Әлімханұлынан нокаутпен жеңілген экс чемпион Жәнібектің стилін мойындады

"Жасы келген ардагер арыстандай арпалысты, бірақ, жас әрі амбициясы бар жас проспектке қарсы ештеңе істей алмады. Жекпе-жек бойы қазақстандық барлық жағынан артық болды. Ол ләззәтін үзбей, өзінің шыдамдылығын да тексергісі келгендей. Бұл жеңіс алдыңғысынан жарқын болды дей алмаймын, бірақ, Жәнібек өз стилін қалыптастырды. Алайда ардагермен айқас - чемпионмен жекпе-жек емес. Егер Андрадемен шыға алса, ол жекпе-жекте жағдай мүлде басқаша болады", - дейді Барбоза.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport