Бокс
17 желтоқсан 09:46

Анық сенсация! Жәнібектен қашқан экс чемпион ауыр нокаутқа түсті

©Видеодан скарин

Мексиканың Тихуана қаласындағы бокс кешінің басты айқасында бірінші орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Хайме Мунгия (44-2, 35 КО) күтпеген жерден франциялық Бруно Сурастан (26-0-2, 5 КО) жеңіліп қалды. 

Мунгия бұл кездесудің фавориті еді және екінші раундта қарсыласын ұрып құлатты.Алайда Сурас аяққа тұрып, ары қарай жұдырықтасты. 

Ал алтыншы раундта Мунгия қарсыласының ауыр соққысынан өзі ұшып түсті. Ол аяғына тұрғанымен, төреші Мунгияның жағдайын көріп жекпе-жекті тоқтатты. 

Айта кетейік, Хайме Мунгия қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (16-0, 11 КО) жекпе-жекке шықпай қойған болатын. Осыған байланысты Хайме британиялық атақты промоутер Эдди Хирннің тарапынан сынға да қалған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport