Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас кәсіпқой мансабындағы екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Ол Стамбулда (Түркия) өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, украиналық Алена Гурьевамен (1-2, 0 КО) кездесті. Жекпе-жек әрқайсысы екі минуттық сегіз раундқа жоспарланған еді, алайда, екінші раундта қазақстандық боксшы мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Осылайша, Лукас бәске тігілген UBO International белбеуін жеңіп алды.