Бокстан әлем чемпионы 19 жастағы Санжар Тәшкенбай ата-анасының жұмысы туралы айтты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы спортшы NTK Entertainment бағдарламасына берген сұхбатта айтқан.
"Әрине, анамның базарда қаттама нан сатқаны рас. Біз Астанаға келгенде саудадан бастадық. Анам қаттама нан сатып бастады, базарда полициядан, әркімнен қашып жүріп сататын. Қазір енді Аллаға шүкір. Бәрін өзім қолға алдым, әке-шешем демалып жатыр, жұмыс істемейді, мен істеймін. Ал әкем бұрын таксист болып істеді. Қазір демалыста", - деді Санжар Тәшкенбай.
Айта кетейік, 19 жастағы Санжар Тәшкенбай - Азия чемпионы. Ал былтыр жастар арасында әлем біріншілігінде жеңімпаз атанған.
Еске салайық, бұған дейін Санжар Тәшкенбай әлем чемпионы атанғаны хабарланған еді. 48 келіге дейінгі салмақтағы жекпе-жекте Санжар айқын жеңіске жетті. Төрешілер бірауыздан қазақ боксшысын жеңімпаз деп таныды.
Жақында спортшы Санжар Тәшкенбай әкесіне жаңа көлік сыйлап, бала күнгі арманын орындаған еді.