Америкалық сарапшы қазақстандық нокаутшыдан секемденді
АҚШ боксшысы Джаред Андерсон (13-0, 13 КО) қазақстандық Жан Кособуцкиймен (19-0, 18 КО) жекпе-жекке шығамын деп басын үлкен қауіпке тігіп отыр. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында америкалық журналист Джек МакКаферри осындай пікір білдірді.

"Жан Кособуцкий - Джаред Андерсон үшін тым қауіпті қарсылас. Оның стилі Джаред үшін қатерлі. Кособуцкийді бірнеше жыл бақылап жүрмін. Ол соққы дарытпайтын солақай. Оның үстіне еш күш салмай жұдырықтасады. Осыған қарап өзінің нақ деңгейін әлі ашып көрсетпеген сияқты. Әрине, Джаред өз қаласында айқасады - бұл оған күш береді. Ол жас, болашағы зор. Статистикасы да тамаша. Дегенмен қазақстандықпен жекпе-жекке келісу бұл - батыл қадам. Бұл кездесу жеңімпазы чемпиондық айқасқа жақындай түседі", - дейді МакКаферри.
Жарнама