Америкалық журналист Джек Маккаферри ресейлік Артур Бетербиев (21-0, 20 КО) пен Дмитрий Биволдың (23-1, 12 КО) жекпе-жегіне қатысты өз ойын айтты.
"Биылғы ең мықты айқастардың бірі. Бивол мен Бетербиев жартылай ауыр салмақта ең мықты екендерін көрсетті. Бұл теңдей өткен жекпе-жек екені анық, төрешілер үшін қиын мәселе. Бұл кездесуде жеңісті бір немесе екі раунд артықшылығымен беруге болатын еді, бірақ 116-112 - бұл мүмкін емес. Бұл жерде Головкин мен Канело айқасына ұқсастық бар. Бірден Аделаида Бердтің ессіздігін еске салады. Мұнша айырмашылықты қалай бергуе болатынын түсінбеймін.
Мен бір раунд артықшылықпен жеңісті Биволға берер едім, тым құрығанда тең түсті деп. Төрешілердің біртүрлі және түсіндіруге келмейтін нәтижесіне қарап, бұл айасқтың жеңімпазы кім деген сұрақ әлі де тұр. Келесі жылы олардың қарымта жекпе-жегін көретініміз анық", - дейді Маккаферри.