Бокс
17 тамыз 2023 11:30

Америкалық сарапшы Әлімханұлын не күтіп тұрғанын айтты

©instagram.com/janibek_qazaqstyle

Америкалық журналист Джек Маккаферри Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 10 КО) үшін британиялық Феликс Кэш (16-0, 10 КО) және IBF титулына ие германиялық Винченцо Гуалтьеримен (21-0-1, 7 КО) жекпе-жек немен маңызды екенін түсіндірді.

Қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегін қазан айында өтетінін хабарлады. Алайда кіммен айқасатыны әзірге белгісіз. Қазіргі таңда Жәнібекке қарсылас ретінде Винченцо Гуальтаримен қатар британиялық Феликс Кэш (16-0, 10 КО) қарастырылып отыр.

"Әлімханұлында бәсекелі жекпе-жекке шығып, өзіне назар аударуға екі жақсы нұсқа бар. Осыған дейінгі чемпиондық белбеуге үміткерлердің деңгейі әлдеқайда төмен болды. Кэш пен Гуальтериге қарсы айқас айтарлықтай қызықты болады. 

Егер гонорар мен көрермен тарту жағын алсақ, Кэшпен Ұлыбританияда айқасқан жөн. Бұл Әлімханұлына жақсы табыс әкеледі және жаңа аумақта атын шығарады. Алайда Гуальтеримен жекпе-жек екі чемпиондық белбеу иегері болуға мүмкіндік береді. Ал бұл болашақта Әлімханұлының құнын көтереді", - дейді Маккаферри.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport