Сарапшы Ахмедовтың Геннадий Головкиннің андеркартында америкалық Маркус МакДэниэлді (15-1, 2 КО) нокаутқа түсіріп, тамаша жекпе-жек көрсеткенін айтады.
"Али Ахмедов - суперорта салмақтағы тамаша проспект. Ол жеңіліс көрмеген Маркус МакДэниэлден басым болды - төреші кездесуді үшінші раундта тоқтатты. Али - өте мықты боксшы, әсіресе осы дивизион үшін. Жақсы бапкер мен жарнамасы оңды болса, ол тура жолда. Ахмедов бұл салмақта 2020 жылы-ақ әлем чемпионы бола алады. Аздап тәжірибе жинақтап алса болғаны, мықты қарсыластарға дайын", - дейді Коппинджер.
Еске салайық, бұл жекпе-жекте Ахмедов суперорта салмақта бос болған WBC белбеуін жеңіп алды. Ахмедовтың ісін Головкинге тиесілі GGG Promotions компаниясы жүргізеді.