Америкалық маман Биволдың "Канелодан" артық тұстарын айтып берді
Суреп орта салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) жартылай ауыр салмақта WBA белбеуінің иегері ресейлік Дмитрий Биволға (19-0, 11 КО) қарсы кездесуде анық фоварит емес. Мұндай пікірді Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында BoxingScene.com порталының шолушысы Элиот Фостер айтты. Әңгіме барысында ол неге мұндай пікірде екенін түсіндіріп, "Канелоның" әлсіз тұстарын көрсетті.

"Алдағы кездесуде "Канелоның" жеңіске жететініне көпшілік күмәнсіз сенімді. Дегенмен жанкүйерлер кейбір дүниеге назар аударып жатқан жоқ. Мысалы, Бивол өзінің салмағында жұдырықтасады. Ал "Канело" болса супер орта салмақта кездесу өткізіп үйренген. Артық салмақ мексикалықтың қимыл-қозғалысын баяулатады. Ресейлік боксшы ешқашан нокдаун алмаған. Қартайып қалған Ковалевке қарағанда ол әлдеқайда мықты. Психологиялық басымдық та Биволдың тарапында. Өйткені, оған ешкім қысым көрсетпейді.
Қазірдің өзінде көпшілік "Канелоны" жеңімпаз деп жүр. Бірақ мен Бивол тосын сый жасайтынына сенімдімін. Сондықтан мен жеңімпаздың нақты кім болатынын айта алмаймын", - деді Фостер.
Еске салайық, бұл кездесу 7 мамыр күні Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында өтеді. Егер осы кездесуде "Канело" жеңіске жететін болса, онда мексикалық қыркүйек айында орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) үшінші мәрте кездесуі мүмкін.
Жарнама