Бокс
12 қыркүйек 2019 11:03
 
Америкалық журналист "Канело" неге Ковалевпен ғана жұдырықтасуды діттегенін ашып айтты

  Пікірлер

blog.share

Америкалық журналист "Канело" неге Ковалевпен ғана жұдырықтасуды діттегенін ашып айтты Коллаж: instagram.com/sergeykrusherkovalev

Америкалық WorldBoxingNews порталының редакторы Фил Джей Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ресейлік Сергей Ковалев пен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жекке болжам жасады.

Жартылай ауыр салмақтағы Ковалев - "Канело" жекпе-жегі 2 қараша Лас-Вегаста өтуі мүмкін. БАҚ-та бұл кездесу туралы ресми түрде келесі аптада жарияланатыны хабарланған.

"Ковалевтің уақыты өтті деп ойлаймын және Энтони Ярд мұны дәлелдеді. "Канело" мұны біледі, көздеп отырғаны сондықтан. Оған Бивол немесе Гводзикті таңдауына болатын еді, олар бабында жүр. Бірақ ол күші семіп бара жатқан Ковалевті таңдады.

Әрине Сергей әлі де күшті, дегенмен, "Канелоға" бәсекелес болатындай деңгейде емес. Мексикалық ұпай санымен жеңеді деп ойлаймын. Мүмкін 8:4 немесе одан үлкен айырмашылықпен", - дейді Джей.

Еске салайық, жартылай ауыр салмақта жұдырықтасатын Ковалев 24 тамызда Энтони Ярдты 11-ші раундта нокаутпен жеңді. Осыдан кейін ол Альвареспен жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді.

Жарнама

Живи спортом!