Бокс
24 шілде 2018 12:14
 
Америкалық боксшының нокауты оқ атылған жаппай төбелеске ұласты

  Пікірлер

blog.share

Америкалық боксшының нокауты оқ атылған жаппай төбелеске ұласты © Allboxing

Доминикан Республикасындағы Сантьяго-де-лос-Кабальеростағы бокс кеші тәртіпсіздікпен аяқталды. Бұл кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы жұдырықтасты, - деп хабарлайды BoxingScene.com.

Орта салмақтағы IBA (International Boxing Association) чемпиондығы үшін америкалық Кертис Стивенс (30-6, 22 КО) және жергілікті Карлос Джаиро Круз (18-3, 12 КО) жұдырықтасты.

Жекпе-жек Стивенстің жеңісімен мерзімімнен бұрын аяқталды. Төреші кездесуді тоқтатқан сәтте рингке пластик шөлмектер мен орындықтар ұшқан. Америкалықтың командасы киім ауыстыратын бөлмеге барып тығылған. 

Алайда аренада екі боксшылардың жанкүйерлері арасында тәртіпсіздіктер жалғасқан. Видеода төбелес кезінде бірнеше рет оқ атылғанын естуге болады. 

Ашулы топты тарату үшін полиция көз ашытатын газ қолданған. ESPN мәліметінше, тәртіпсіздіктер салдарынан 15 адам зардап шеккен. 

Бұл Стивенс үшін орта салмақтағы бұрынғы чемпион Давид Лемьеден жеңілгененн кейінгі алғашқы жекпе-жек. Былтыр АҚШ-та өткен жекпе-жекте Стивенс ауыр нокатуқа түсіп, оны рингтен тікелей ауруханаға жеткізген. Мұның алдында екі боксшы да Головкиннен жеңілген болатын.

Жарнама

Живи спортом!