Америкадағы қазақ боксшылардың менеджері нәсілшіл екені айтылды
Украиналық Александр Усиктің бұрынғы бапкері Джеймс Али Башир қызметінен босатылғанына боксшының менеджері Эгис Климасты айыптап, оны нәсілшіл деп атады. Бұл туралы Fightnews.info хабарлап отыр.
Украиналық Александр Усиктің бұрынғы бапкері Джеймс Али Башир қызметінен босатылғанына боксшының менеджері Эгис Климасты айыптап, оны нәсілшіл деп атады. Бұл туралы Fightnews.info хабарлап отыр.
"Осы мәселе бойынша маған Влад Сиренко қоңырау шалды. Мен өз пікірімде қалдым. Эгис Климас - нәсілшіл деп айттым. Мұны қайталап та айтамын. Мен 1951 жылы тудым. Америкада нәсілшілдер афроамерикалықтардан жасырына алмайды. Өйткені олар нәсілшілдерді айтпай-ақ сезіп тұрады.
Климаспен бірінші рет кездескенімізде он минут өтпестен ол маған: "Усик сені қызметіңнен босатқысы келеді" деді. Ал оған дейін Александрдың тарапынан ешқандай негатив болған емес.
Басқалар үшін ол нәсілшіл емес шығар, бірақ, мен үшін сондай. Климасты нәсілшіл дегенім үшін кешірім сұрамаймын. Өйткені солай екенін сеземін. Біз әлемді жақсырақ ету үшін нәсілшілдік туралы айтуымыз қажет", - дейді Джеймс Али Башир BWTM SPORTS & GAMING YouTube арнасына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Климас Усиктен бөлек бірнеше қазақстандық боксшымен жұмыс істейді: Жәнібек Әлімханұлы, Мадияр Әшкеев және Мейірім Нұрсұлтановпен.
Жарнама