Америкада қарсыластарын сұлатып жатқан Ахмедовтің келесі айқасы белгіленді

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовтің (15-0, 13 КО) АҚШ-тағы келесі жекпе-жегінің күні белгіленді.
Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовтің (15-0, 13 КО) АҚШ-тағы келесі жекпе-жегінің күні белгіленді.
BoxRec.com мәліметінше, Ахмедов рингке 18 сәуірде оралады, бұл күні ол Калифорния штатындағы Коммерсе қаласында өтетін бкос кешіне қатысады. Қарсылас кім болатыны әзірге белгісіз. Бұл кешті Геннадий Головкиннің бұрынғы промоутері Том Леффлердің 360 Promotions компаниясы ұйымдастырады.
Еске салайық, Ахмедов бұған дейін 2024 жылдың 13 желтоқсанында америкалық Рафаэль Игбоквемен (17-6, 7 КО) жұдырықтасып, жетінші раундта нокаутпен жеңген.
Жарнама