Бокс
30 қаңтар 14:43
 

Америкада Жәнібекке бокс туралы сандырағын доғаруды ұсынды

  Пікірлер

blog.share

Америкада Жәнібекке бокс туралы сандырағын доғаруды ұсынды ©instagram.com/nolimit_aus

Амеркиалық белгілі инсайдер әрі бокс шолушысы Дэн Рафаэль орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлының әлеуметтік желідегі посттар сериясына қатысты ойын айтты.

blog.share

Амеркиалық белгілі инсайдер әрі бокс шолушысы Дэн Рафаэль орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлының әлеуметтік желідегі посттар сериясына қатысты ойын айтты.

Қазақстандық әлеуметтік желіде бокстағы жағдайға шағымын білдірген еді. Атап айтқанда Жәнібек басқа чемпиондар өзіне қарсы титул біріктіретін айқас өткізгісі келмейтінін және "бокс қазір бизнеске айналып кеткен" деп атап өткен еді.

Бұған қатысты Дэн Рафаэль былай депті:

"Бокс ӘРДАЙЫМ бизнес болып келді. Сандырақтай беруді доғару керек. Оның бизнес болғанына 100 жылдан асты".

Рафаэльдің әріптесі Буг Уильямс та Жәнібектің жазғанына қатысты былай депті:

"Мұнда сенің де кінәң бар. Сен өзіңді бугимен деп атайсың, ал бугимен болудың құны осы".

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!