Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) үшінші айқастың былғары қолғаптарын таңдады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Трилогия ертең таңғысын Лас-Вегаста өтеді. Бұл жекпе-жекте суперорта салмақта Альвареске тиесілі IBF, WBC, WBA Super және WBO белбеулері сарапқа салынады.