Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Түркияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының екінші кезеңіне шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Әлем чемпионатының бірінші айналымында 48 келі салмақта өнер көрсететін отандасымыз канадалық Приянка Диллонмен кездесті. Бұл жекпе-жектің үш раундын да Балқыбекова өзінің бақылауында өткізіп, оның қорытындысы бойынша 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұған дейін әлем чемпионатының екінші кезеңіне отандасымыз Валентина Хальзова (70 келі) шыққан еді. Ол екінші айналымда кореялық Суджин Сеонмен кездеседі.
Ал Балқыбекованың келесі қарсыласы бүгін белгілі болады.