Әлімханұлының менеджері Головкиннің белбеулерін қалай алатындарын айтты

Жәнібек Әлімханұлының (12-0, 8 КО) менеджері Берік Сұлтан Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) чемпиондық белбеулері жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жәнібек Әлімханұлының (12-0, 8 КО) менеджері Берік Сұлтан Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) чемпиондық белбеулері жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Берік Instagram желісінде жанкүйерлердің GGG туралы сұрағына жауап берді. "Головкиндегі белбеулер ше? Онда үш титул бар ғой", - деп сұрады парақшаға жазылушылардың бірі.
"Оларды өзі босатады деп ойлаймын", - деп жауап берді менеджер.
Қазіргі таңда Головкин орта салмақтағы WBA Super, IBF және IBO белбеулеріне ие.
Жарнама