Британиялық боксшы Дензел Бентли (21-3-1, 17 КО) орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен (16-0, 11 КО) қарымта жекпе-жекке қатысты пікір білдірді.
7 желтоқсан Лондонда өткен кездесуде Бентли отандасы Брэд Полсты (19-2-1, 11 КО) жеңіп, WBO желісі бойынша чемпионға міндетті қарсылас атанды.
- Бұл соңғы элиминатор жекпе-жек. Енді келесі Жәнібек пе?
- Мен білмеймін, мұнымен промоутер Фрэнк Уоррен айналысады. Одан қоңырау күтемін, сол шешеді. Ал өзім мұндайға көп мән бермеймін. Мен тек Брэдпен айқас туралы ойладым, мен оның қаншалықты мықты екенін білдім.
- Сен Жәнібекпен жұдырықтасқансың, 12 раунд өткіздіңдер. Енді оны жеңу үшін не өзгертер едің?
- Бұл айқас туралы хабарлана салысымен мен осы бойынша жұмыс істей бастаймын. Әзірге Жәнібек туралы ойлаған да жоқпын. Ол солақай, ал мен жыл бойы оңқайлармен айқастым, Дэнни Дигнумды қоспағанда. Не істеу керегін әлі білмеймін, бірақ, ол бойынша жұмыс істейміз.