Бокс
15 сәуір 12:59

Әлімханұлының келесі қарсыласы 18 нокауты бар чемпион болады

©Тұрар Қазанғапов

Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) келесі қарсыласын таңдады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Үш титул үшін айқас

Жәнібектің сөзінше, ол өз таңдауы туралы менеджеріне хабарлап қойыпты. Қазақ боксшы орта дивизионда WBC титулына ие доминиканалық Карлос Адамеспен (24-1-1, 18 KO) айқасқысы келеді.

"Маған осы үшінші титул керек! Қазр мені басқа ешқандай айқас қызықтырмайды, тек белбеу алып келетін жекпе-жек қана. Карлос Адамес, мен менеджеріме жұдырықтасқым келетін жалғыз қарсылас сен деп айттым! Енді сенің кезегің. Командаңмен сөйлес те, жекпе-жек өтетіндей етейік - ешқандай сылтаусыз, уақыт созбай. Жанкүйерлерге қалағанын берейік", - деп жазыпты Әлімханұлы әлеуметтік желіде. 

Абсолютқа апарар жол

Еске салайық, 5 сәуір Астанада қазақстандық чемпион франциялық Анауэль Нгамиссенгемен айқаста екі титулын қорғады. Жәнібек қарсыласын бесінші раундта нокаутқа түсірді. Осыдан кейін Әлімханұлы әленің абсолют чемпионы болғысы келетінін мәлімдеді. 

Бұл үшін қазақстандыққа тағы екі белбеу - Адаместегі WBC-ден бөлек, кубалық Эрисланди Ларадағы (31-3, 19 KO) WBA титулы да қажет.  


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport