Бокс
9 қазан 17:11

Әлімханұлының келесі жекпе-жегінің уақыты белгіленді

©instagram.com/janibek_alimkhanuly

Орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) әлеуметтік желідегі пост арқылы келесі жекпе-жегі қашан өтетінін хабарлады. 

4 қазан Сиднейде Жәнібек жаңа зеландиялық Андрей Михайловичті (21-1, 13 КО) нокаутпен жеңді. Осыдан кейін WBO қазақстандыққа міндетті қарсылас ретінде британиялық Хамза Ширазды (21-0, 17 КО) белгіледі. 

"Кез-келген жерде, кез-келген боксшымен жұдырықтасуға біз әрқашан дайын болғанбыз, қазір де дайынбыз!

Қазақ стилін тарихқа қашап жазамыз бұйыртса!

Мен үшін үлкен жекпе-жектер тек чемпиондық жекпе-жек!

Бізге чемпиондар керек! Төрт титул керек! Чемпиондар қашса, қорықса олар чемпиондар емес! Ал ақша үшін бокстасса ол спортшы емес, бизнесмен! Мен әлі де келесі жекпе-жегім Адамес не Ларамен болады деп үміттенемін! Командам қазір үлкен келіссөздер жүргізуде. Егер чемпиондар келіспесе, екі титулды қайта қорғаймыз!

Бұйыртса келесі жекпе-жегім ақпан айында өтеді деп жоспарлануда! Чемпиондық жекпе-жек болады немесе WBO міндеттеген қарсыласпен өнер көрсетеміз!

Маған сенім артып, жанкүйерлік жасап жүрген барша ағайынға көп рақмет. Екі титул қолда, екеуі жолда! Құдай қаласа ертелі кеш 4 титулды елге алып келемін!", - деп жазыпты Жәнібек. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport