Әлімханұлының қарсыласы мәлімдеме жасады

Дэнни Дигнум (14-0-1, 8 КО) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек алдында жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Дэнни Дигнум (14-0-1, 8 КО) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек алдында жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Армандар орындалады. Әлем чемпионы үшін жекпе-жек кеші Америкада өтеді. Әлімханұлының мықты боксшы екенін білемін. Алайда мақсатыма жету үшін барымды саламын. Келіссөздерді жемісті өткізген командама алғыс айтамын", - деп жазды Дигнум твиттер парақшасында.
Жәнібек Әлімханұлы мен британиялық Дэнни Дигнум арасындағы айқас мамыр айының соңына өтеді деп жоспарланған.
Жарнама