Бокс
5 ақпан 09:57
 

Әлімханұлының Канеломен айқасу мүмкіндігіне қатысты шындық айтылды

  Пікірлер

blog.share

Әлімханұлының Канеломен айқасу мүмкіндігіне қатысты шындық айтылды ©Спорт Шредингера

3kingsboxing.com сайты қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (16-0, 11 КО) мексикалық бокс жұлдызы Сауль Канело Альвареспен (62-2-2, 39 KO) жекпе-жекке шығу мүмкінідігі жайлы пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz

blog.share

3kingsboxing.com сайты қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (16-0, 11 КО) мексикалық бокс жұлдызы Сауль Канело Альвареспен (62-2-2, 39 KO) жекпе-жекке шығу мүмкінідігі жайлы пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz

Канеломен айқасамын деп Жәнібектен қашқан чемпионның өтірігі шығып қалды

Альварес қарсылас таңдауда өте мұқият

"Орта салмақта қазір шөл даладағыдай қуаңшылық болып тұрғандықтан, кейбіреулер Жәнібекке суперорта дивизионға өт деп кеңес беруде. Қазіргі таңда бұл салмақта Канело үстемдік етеді. Әлімханұлы мексикалық жұлдызбен жұдырықтасу мүмкіндігіне қуана келісетін еді. 

Бірақ өкінішіке қарай, Канело қарсылас таңдауда өте мұқият. Егер Альварес сені өзіне лайықты қарсылас деп санамаса, сенімен жұдырықтаспайды. Сауль тіпті бокс қауымдастығы бірнеше жыл бойы айқасуды талап етіп келе жатқан Давид Бенависдеспен де жұдырықтаспай келеді. Енді егер Канело Бенавидестен қашып жүрсе, онда Әлімханұлымен жекпе-жекке келісе салуы неғайбыл", - деп жазады басылым. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!