Әлімханұлының бапкері чемпиондық белбеу туралы мәлімдеме жасады

Жәнібек Әлімханұлының (11-0, 7 КО) бапкері Джеймс "Бадди" МакГирт қазақстандық боксшының орта салмақтағы WBO белбеуінің "уақытша" чемпионы атағы үшін ұлыбританиялық Дэнни Дигнумға (14-0-1, 8 KO) қарсы кездесудегі жоспарымен бөлісті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Қазақстандық боксшы бүгін Лас-Вегасқа келгені туралы видеоны әлеуметтік желісіне салды. Ал оның бапкері мәлімдеме жасады.
"Біз Лас-Вегастамыз. Біз чемпиондық белбеу үшін келдік", - деді МакГирт.
Айта кетейік, бұл кездесу Қазақстан уақытымен 22 мамыр күні өтеді. Қазақстанда тікелей эфирде жекпе-жекті "Хабар" арнасы көрсетеді.
Жарнама