Әлімханұлынан "қашқан" нокаутшы чемпионмен жекпе-жекке келісе алмады
Америкалық Джермалл Чарло (32-0, 22 КО) мен мексикалық Хайме Мунгия (39-0, 31 КО) арасында шілде айында өтуі керек болған айқастың келіссөзі сәтсіз аяқталды, деп жазады vRINGe.com порталы.
Америкалық Джермалл Чарло (32-0, 22 КО) мен мексикалық Хайме Мунгия (39-0, 31 КО) арасында шілде айында өтуі керек болған айқастың келіссөзі сәтсіз аяқталды, деп жазады vRINGe.com порталы.
ESPN телеарнасының инсайдері Майк Коппинджердің ақпараты бойынша, екі боксшының командасы АҚШ жерінде жекпе-жекті көрсететін телеарнаны таңдау кезінде келісімге келе алмаған.
WBC тұжырымың чемпионы Чарлоның жекпе-жектерін ұйымдастыратын Premier Boxing Champions промоутерлік компаниясы айқасты Showtime PPV телеарнасы көрсетсін десе, Мунгияның Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясы DAZN стримингтік сервисін таңдаған.
Коппинджердің жазуынша, енді Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) 15 наурыз күні Мунгия мен Карлос Адамс арасындағы кездесудің промоутерлік бас саудасын өткізеді. Аталған кездесуде жеңіске жеткен боксшы Чарломен чемпиондық белбеуге таласуға мүмкіндік алады.
Жарнама