Британиялық боксшы Хамза Шираз (21-0-1, 17 КО) ресми түрде орта салмақтан кетті, деп хабарлайды vRINGe.com.
Алдымен Адаместі таңдап, Жәнібектен қашқан
WBC чемпионы Карлос Адамеспен болған түсініксіздеу жекпе-жектен кейін, Шираз жаңа салмаққа ауысып жатыр, ал ондағы бірінші кездесуінің өзі нағыз шайқас болғалы тұр. Өйткені Хамзаның жаңа дивизиондағы бірінші жекпе-жегі пуэрториколық белгілі боксшы Эдгар Берлангамен (23-1, 18 КО) болмақ.
Бұл туралы британиялық әйгілі промоутер Эдди Хирн IFL TV арнасына берген сұхбатында айтты:
"Берланга vs Шираз - бұл біздің Хирн vs Уоррен 2 шоу аясында ұсынған айқас. Бірақ соңғы шешім Әл аш-Шейхтің дәргейінде. Біз оған 10 жекпе-жекпе-жек ұсындық, ол оның ішінен бесеуін таңдайды. Бұл бокс кеші жазға жоспарланған. Әл аш-Шейх уақыты мен орнын таңдаған сәтте, біз бірден келісімшартты жабамыз".
Бұған дейін Шираз орта салмқата IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 КО) жекпе-жек өткізетіні айтылған еді. Алайда міндетті қарсылас болған британиялық алдымен Адамеспен WBC титулы үшін айқасты, енді мүлде басқа салмққа өтіп кетті.
Жарнама