Британиялық бокс сарапшысы Бен Смит Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлына (16-0, 11 КО) жақсы қарсыласты атады.
4 қазан Сиднейде (Аустралия) Жәнібек жаңа зеландиялық Андрей Михайловичті (21-1, 13 КО) нокаутқа түсірді.
"Әлімханұлына өзінен әлсіз қарсыластарға уақыт кетіре бергенді доғару керек. Аустралиядағы айқас ешкімге керек емес еді. Қазір қазақстандық чемпионға үлкен жекпе-жектер қажет. Эрисланди Лара және Карлос Адамеспен болмай жатса, Ұлыбританияға назар салған жөн. Қазір ең жақсысы WBO рейтингінде бірінші тұрған Хамза Ширазпен жекпе-жек сияқты. Бұл қазақстандық боксшы үшін жаңа нарық, ол жақта қыруар табыс көреді. Оның үстіне бұл айқаста кімде басымдық барын айту қиын", - дейді Смит.