Бокс
17 сәуір 13:45

Әлімханұлына қарсылас атанады: міндетті айқасқа промоутерлік сауда белгіленді

©instagram.com/janibek_alimkhanuly

Орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына міндетті үміткерді анықтауға қатысты промоутерлік сауданың мән-жайы айтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бокс шолушысы америкалық Джейк Донованның пікірінше, титулды қазір иеленіп отырған Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 КО) жекпе-жекке шығу құқын италиялық Этинос Олиха (21-0, 9 КО) мен америкалық Остин Уильямс (18-1, 12 КО) өзара сарапқа салады.

Келіссөз нәтиже бермеді

Деркекөз мәліметінше, Олиха мен Уильямс арасындағы міндетті жекпе-жек бойынша Халықаралық бокс федерациясы (IBF) белгілеген келіссөз еш нәтиже бермеді. Осыған байланысты 22 сәуірде гонорарды бөліп беру бойынша промоутерлік сауда белгіленеді. 
 
Бұл жекпе-жек өтетін болса, оның жеңімпазы IBF чемпионына міндетті қарсылас атанады. Бұл ұйымның орта дивизиондағы қазіргі чемпионы Әлімханұлында WBO титулы да бар.

Жәнібек биылдыққа бір қорғау өткізді

5 сәуір Астанада өткен бокс кешінде Жәнібек франциялық Аннуэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутқа түсіріп, титулдарын қорғап қалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport