Әлімханұлына доқ көрсеткен боксшы сенсациялық жеңліске ұшырады

Англияның Манчестер қаласында өткен бокс кешінің басты жекпе-жектерінің бірінде мүлде күтпеген апсет болды. Орта салмақтағы британиялық Нейтен Хини (18-2-1, 6 KO) франциялық Софьяну Хатиден (18-5, 7 КО) сенсациялық жеңіліске ұшырады, деп жазады Vesti.kz.

Жекпе-жек он раундқа есептелген болатын, бірақ, жетінішісінде төрешіге жекпе-жекті тоқтатып, Хиниді аман алып қалуға тура келді.
Осылай 18 жеңіске жеткен британиялық боксшы карьерасында екінші рет жеңіліп отыр, сонымен бірге, ол бір рет қарсыласымен тең түскен. Ал жалпы бес рет жеңілген Хати 18-ші жеңісіне жетіп отыр.
Айта кетейік, бұған дейін британиялықтың командасы Хини қазақстандық Жәнібек Әлімханұлынан (16-0, 11 КО) титулдарын тартып алатынын айтып сес көрсеткен еді.
Жәнібекті жекпе-жекке шақырған чемпионның айқасы сенсациямен бітті
Sofiane Khati stops Nathan Heaney in the seventh as the referee steps in ?#ChisoraWallin | LIVE on @tntsports & @discoveryplusUK pic.twitter.com/M5TzLqnShX
— Boxing on TNT Sports (@boxingontnt) February 8, 2025
Жарнама