Жартылай орта салмақта IBF және WBA чемпионы америкалық Джарон Энниске (34-0, 30 KO) орта дивизиондағы Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 KO) жекпе-жек ұсынылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Осыған дейін елеусіз болған жаңа жұлдызПромоутер Эдди Хирннің сөзінше, Эннис салмағына қарамастан ең мықты боксшы атағына ғана лайықты емес, ол бокстың нағыз жұлдызы екен. Боксшы Matchroom промоутерлік компаниясымен бір жыл бұрын келісімшартқа отырғалы бері жуырда үлкен жеңіске жетті.
12 сәуір Атлантик-Ситиде (Нью-Джерси, АҚШ) жартылай орта салмақта Халықаралық бокс федерациясының (IBF) чемпионы Джарон екінші титулды - Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) белбеуін жеңіп алды. Америкалық боксшы бұрын жеңіліп көрмеген литвалық Эймантас Станенисті (15-1, 9 КО) алтыншы раундта техникалық нокатупен жеңіп, оның WBA титулын тартып алды.
Бұл жекпе-жекке дейін 27 жастағы америкалықтың екі айқасы сылбыр көрінді, сондықтан оны көпшілік тым артық бағаланған деп ойлады. Нокаутпен жеңіп тұрса да, Энниске әлі де күмән келтіретіндер бар.
Энниске ендігі қарсылас болуы мүмкін боксшыларШынымен де бкос жұлдызы атану үшін Boxing247 порталы оған Эймантастан мықтырақ қарсыласпен шығу керек деп жазды. Өйткені литвалық боксшы чемпион болғанымен, жартылай орта салмақ рейтингіндегі топ-15 боксшының біразынан осал болды деп ойлайтындар жетерлік.
Сарапшылар "қолдан жасалған жұлдыз" атағынан құтылу үшін Джаронға мына боксшылардың бірін жеңу керек деп есептейді:
Верджил Ортис (23-0, 21 KO);
Карлос Адамес (24-1-1, 18 КО);
Дэвид Моррель (11-1, 9 KO);
Брайан Норман (27-0, 21 KO);
Сергей Богачук (25-2, 24 KO);
Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO);
Дэвид Бенавидес (30-0, 24 KO);
Ослейс Иглесиас (13-0, 12 KO);
Сауль "Канело" Альварес (62-2-2, 39 КО);
Исраил Мадримов (10-2, 7 KO);
Себастьян Фундора (22-1, 14 KO);
Теренс Кроуфорд (41-0, 31 КО).
Дегенмен бұл жерде түрлі салмқатағы боксшылар көрсетілген. Бірінші орта дивизионнан (69,8 келі) жартылай ауырға дейін (79,3 келі). Эннистің өзі 66,7 келіде өнер көрсетіп жүр.
Жәнібек бұл жекпе-жекке келісе ме?Әлімханұлы орта салмақта WBO және IBF чемпионы екенін айта кетейік.
Қазіргі таңда қазақ боксшының бар назары өз салмағындағы чемпиондар - доминиканалық Карлос Адамес пен Эрисланди Лара (31-3, 19 KO), олар Жәнібекке абсолют атануға қажетті WBC және WBA титулдарын иеленіп отыр. Сонымен қатар, қазақстандық чемпион мексикалық Сауль Альварес және америкалық Дэвид Бенавидеспен шыққысы келеді.