Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Түркиядағы қайғылы жағдайға байланысты бауырлас халыққа көңіл айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Дүйсенбі, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында бірнеше дүркін жер сілкінісі болды. Магнитудасы 7 балдық табиғат апатынан бүкіл ел бойынша ғимараттар қирады. Кейінгі мәлімет бойынша, апаттан 2921 адам мерт болып, 15 мыңнан астамы жарақат алған. Көршілес Сирияда 1444 адам көз жұмыпты.
"Түркиядағы бауырлар, қарындастар. Шын жүректен көңіл айтамын!" - деп жазыпты Жәнібек твиттерде.