Олимпиада чеионы Данияр Елеусінов Sports24.kz порталына берген сұхбатында Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) мен әйгілі мексикалық Сауль "Канело" Альварес (62-2-2, 39 КО) арасында жекпе-жек өтуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кезекті жеңі пен кезекті шақыру
Жәнібек 5 сәуір Астанада франциялық Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 КО) бесінші раундта нокаутқа түсірді. Осы жеңістен кейін Жәнібек Канелоны кезекті рет айқасқа шақырды.
"Альварестің өзі Жәнібекті келесі қарсылас ретінде таңдамайды, өйткені мексикалықтың гонорары өте жоғары. Ал енді Жәнібек тоқтамай Канелоны жекпе-жекке шақыра берсе, бәрі де мүмкін", - дейді Елеусінов.
Орта салмақта абсолют атану
Ал енді Әлімханұлының орта слмақта титулдардың бәрін біріктіре алу мүмкіндігіне қатысты Елеусінов мұның мүмкін екенін айтты. Ол тіпті екі басты қарсылас Premier Boxing Champions компаниясы ісін жүргізетін Эрисланди Лара және Карлос Адамес қандай қарсылас екенін айтты.
Crawford and Me ???? pic.twitter.com/Pm7mgTe8Ad
— Carlos Adames (@BroncoAdames) July 31, 2023
"Титулдарын ешкім бере салғысы келмейді, бірақ, Ларамен жекпе-жек өткізе алса, бұл жақсы бастама болады. Ал Адамес - айтарлықтай қауіпті. Оның соққысы ауыр және бүкіл дистанцияға шыдап бере алады", - дейді Данияр.
Жарнама