Бокс
17 сәуір 13:12
 

Әлімханұлы мен 18 нокауты бар "Жабайы айғыр" жекпе-жек уақытын "белгіледі"

  Пікірлер

blog.share

Әлімханұлы мен 18 нокауты бар "Жабайы айғыр" жекпе-жек уақытын "белгіледі" ©instagram.com/janibek_alimkhanuly

Орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) келесі қарсыласына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) келесі қарсыласына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Тағы қашады деген күмән бар

Жәнібектің келесі қарсыласы Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) чемпионы доминиканалық Карлос Адамес (24-1-1, 18 КО) болады. Екі боксшы да алда бір-бірімен ғана айқасқысы келетінін мәлімдеді. Бірақ Әлімханұлы қарсыласы келісімшартқа қол қоятынына күмәнданып отыр. 

"Егер ол (Адамес) менімен жекпе-жекке келіссе, мен оны нокаутқа түсіремін. Бірақ бәріңіз білесіздер, ол менімен айқасқа шықпайды. Өйткені ол су жүрек!", - деп жазыпты Жәнібек Х желісінде. 

Екі чемпион да титулдарын қорғады, бірақ... 

Айта кетейік, Жәнібек те, Адамес те, биылдыққа титулдарын қорғады. 22 ақпанда доминиканалық боксшы жеңілмеген британиялық Хамза Ширазбен (21-0-1, 17 КО) рингке шыққан. Жекпе-жек тең аяқталып, Карлос чепиондығын сақтап қалды. 

Ал Әлімханұлы 5 сәуірде франциялық Анауэль Нгамиссенгемен (14-1, 9 КО) кездесуде екі титулын да сарапқа салып, бесінші раундта қарсыласын нокаутқа түсірді де, титулдыраны қорғап қалды. 

Екі чемпион да биылдыққа қорғау өткізіп тастағанымен, олар мұнымен тоқтап қалмақ емес. Broadway Joel мәліметінше, Адамес пен Жәнібектің титул біріктіретін айқасы осы жаз Нью-Йоркте (АҚШ) өтуі ықтимал. Бұл кездесудің жеңімпазы үш бірдей белбеуді иеленеді: IBF, WBO және WBC.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!