Әлімханұлы кіммен жұдырықтасқысы келетінін айтты

WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) келесі жекпе-жегінде кіммен жұдырықтасқысы келетінін айтты, деп жазады Vesti.kz.
WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) келесі жекпе-жегінде кіммен жұдырықтасқысы келетінін айтты, деп жазады Vesti.kz.
"Танымал емес боксшылармен жұдырықтасқым келмейді. Маған атақты боксшылар керек! Боб Арум маған атақты қарсылас табады деп үміттенемін", – деп жазды 29 жастағы боксшы Twitter желісіндегі жеке парақшасында.
Айта кетейік, бұған дейін WBO Жәнібек пен мексикалық Хайме Мунгуия (41-0, 33 КО) арасында жекпе-жек ұйымдастыруға тапсырма берген. Бірақ Мунгия бұл жекпе-жектен бас тартқаны белгілі болды.
Жарнама