Әлімханұлы келесі айқасқа жаттыға бастауға дайын

WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) чемпиондық атағын қорғауға дайындықты бастайды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) чемпиондық атағын қорғауға дайындықты бастайды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Бұл туралы Жәнібек өз Instagram парақшасында хабарлады.
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласын белгілеп жарияланған постта: "Жаттығу лагеріне дайынбыз!" - деп жазды спортшы.
Айта кетейік, Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша толық әлем чемпионы мәртебесіне жақында қол жеткізді, белбеудің бұрынғы иесі америкалық Деметриус Андраде жекпе-жек өткізуден бас тартып, титулын босатты. Жәнібектің чемпиондық дәрежедегі алғашқы жекпе-жегі қараша айында өтеді. Қарсыластың есімі әлі жарияланған жоқ.
Жарнама