Орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) Boxing News порталына берген сұхбатында жоғары салмаққа өту туралы сұраққа жауап берді.
- Сен титулдарды біріктіргің келетінін үнемі айтасың, үлкен жекпе-жектер қалайсың, бірақ ол болмай жатыр. Бұл саған қаншалықты батады?- Бізде мақсат бар - барлық титулдарды жинау. Психологиялық тұрғыда бұл бізге еш әсер етпейді. Біздің уақыт келеді және барлық төрт титулды жинаймыз. Содан кейін келесі салмаққа өтеміз, - дейді Жәнібек.
Айта кетейік, орта дивизиондағы WBA белбеуі кубалық Эрисланди Ларада, ал WBC титулы доминиканалық Карлос Адаместе.