Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы чемпиондарды нокаутқа түсірген уақытта ғана жеңісін тойламақ. Бұл туралы ол The Ring басылымына берген сұхбатында айтты.
"Қазақстанда менің әрбір жеңісім мереке, барлығы мені құттықтайды. Осындай қуаныш сыйлай алғаныма ризамын. Алайда өзім әлі де тойлағым келмейді. Чемпиондарды нокаутқа түсіргенде ғана жеңісті тойлаймын.
Чемпиондармен айқасқым келеді. Келесі қарсыласым әлем чемпионы немесе атақты боксшы болады деп үміттенемін. Бокс жұлдыздарының бәрін нокаутқа түсіргім келеді.
Мен (WBC чемпионы Джермалл) Чарлоны және (WBO чемпионы Деметриус) Андрадені, содан кейін "Канело" мен (Дэвид) Бенавидесті нокаутқа түсіремін", - дейді Жәнібек.