Бокс
1 қазан 15:19

Әлімханұлы жекпе-жек алдында үлкен қиындықтарға тап болатыны айтылды

©Видеодан кадр

Жаңа зеландиялық Андрей Михайловичтің (21-0, 13 КО) промоутері Джордж Роуз орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) жекпе-жек алдында үлкен қиындықтарға тап болатынын айтады. 

Боксшылар 4 қазан Сиднейде (Аустралия) жұдырықтасады. 

"Әлімханұлының командасы өзгеше сұраныстар жасады ма? Қазіргі таңда бұл жайында ештеңе білмеймін. Бірақ олар ұшып келгенде, қиындықтарға тап болады... Иә, әдетте тез жасалатын бірақатар сұраныс болады. Өйткені боксшылардың ұшу қаншалықты қиын болды және содан шаршағаны туралы жиі айтатанын естіп жүрсіздер. Жәнібекте белдеу ауысу және тағы сол сияқтылармен қиындық болады, оның үстіне салмақ тастау керек. Мұндай дайындықты ешбір боксшыма ұсынбас едім", - дейді Роуз. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport