Орта салмақта WBO чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы өз дивизионындағы қалған үш белбеуді жиып алмақ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
13 мамырда Жәнібек Калифорниядағы "Стоктон-Аренада" канадалық Стивен Батлермен 12 раундты жекпе-жек өткізеді. Бұл айқаста Жәнібекке тиесілі WBO белбеуі сарапқа салынады.
"Менде бір титул бар, енді маған тағы үшеуі керек. Иншааллах, мен барлық титулды жинаймын", - деп жазыпты ол әлеуметтік желіде.
I have one title and I need three more. Inshallah I will collect all the titles. pic.twitter.com/71EJJIS1mv
— Janibek Alimkhanuly (@qazaqstyle) April 5, 2023
Жарнама