Әлімханұлы чемпиондығын қорғауға қатысты мәлімдеме жасады

Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) WBO титулын міндетті қорғау туралы ресми хабарланғаннан кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) WBO титулын міндетті қорғау туралы ресми хабарланғаннан кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жәнібек пен британиялық Дэнзел Бентли (17-1-1, 14 КО) жекпе-жегі 12 қараша Лас-Вегаста өтетін бокс кешінің басты айқасы болады.
"Боксшылардың көбі қашып кеткенде, жекпе-жекке келіскен Дензел Бентлиге құрмет білдіремін. Лас-Вегастағы The Palms шаршы алаңында әлем чемпионы атағын қорғау үлкен абырой. "Қазақ стилі" не екенін әлемге тағы бір паш етемін", - деп береді Жәнібектің сөзін Boxingscene.
Жарнама