Алматы маңындағы "Медеу" мұз айдынында Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес трилогиясына арналған қолдау акциясы өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Бұл іс-шара 10 қыркүйек күні елорда уақытымен 14:00 басталады.
"Медеу" мұз айдынында ринг орнатылып, бокс спаррингтері өтеді деп жоспарланған. Ал төрешілік қызмет угандалық Поль Тузиндеге сеніп тапсырылды.
Іс-шара барысында GGG жазуын жиналған қолдаушылардың көмегімен жазады.
Еске салайық, Геннадий Головкин мен Мексика қабыланы Сауль "Канело" Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек 17 қыркүйек күні Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді.