Бокс
6 қыркүйек 2022 23:23

Әли Балоев келесі жекпе-жегін қашан өткізетінін мәлімдеді

©Vesti.kz, Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық былғары қолғап шебері Әли Балоев (10-0, 7 КО) келесі жекпе-жегін Ресейде өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"24 қыркүйек. Мәскеу. ЦСКА Арена", - деп жазды Балоев.

Еске салайық, осыған дейін Балоев әуесқойлар арасында әлем чемпионатының жүлдегері өзбек Санжар Тұрсыновпен (3-0, 1 КО) қолғап түйістіруі тиіс еді. Бұл айқас жоспар бойынша 28 қыркүйек күні Чехия жерінде өтуі керек болған. Алайда екі тарап келіссөздер нәтижесі бойынша ортақ шешімге келе алмады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport