Әлемнің экс чемпионы Головкинмен жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы британиялық Крис Юбенк (31-2, 23 КО) отандасы Лиам Уильямспен (23-3-1, 18 КО) 5 ақпан Кардиффта өтетін жекпе-жектен кейін бірден қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жұдырықтасқысы келеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Шынымен әлем чемионы титулы үшін жұдырықтасқым келеді. Головкин - менің тізімімде бірінші. Қолдан келсе осы жекпе-жекті ұйымдастырамыз. WBA белбеуі үшін жұдырықтасуға міндеттімін. Муратада осы титул бар, сондықтан да осы айқасты қалаймын", - деп береді Юбенктің сөзін Boxingscene.com.
Головкин WBA "суперчемпионы" Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жекке шығатыны белгілі.
Юбенктің ойынша, GGG жапониялықтың белбеуін тартып алады, ал осыдан кейін ол Головкинмен жұдырықтаспақ.
Жарнама