Бокс
19 сәуір 2022 13:34

Әлемнің бұрынғы чемпионын әйелімен серуен кезінде тонап кеткен

©ToFight.Ru

Бірінші жартылай орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Амир Хан (34-6, 21 KO) әйелімен серуендеп жүргенде қарақшылар шабуылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Осы жаңа Лондонның шығыс жағында тапанша тақап тұрып, сағатымды шешіп алды. Фарьял екеуміз жолдан өтіп бара жатқанбыз, оның бірнеше қадам кейін келе жатқаны жақсы болған. Маған екі адам жүгіріп келіп, бетіме тапанша тақады. Маңыздысы екеуміз де аманбыз", - деп жазыпты Хан. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport